«Екібастұз» және «Ақсу» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Рүстем Назымбеков Павлодар әскери комиссариатынан қашып кетті, деп жазады Prosports.kz.

Оның үшінші қабат терезесінен секіріп қашқан сәтінің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Екібастұз» директоры sputnik.kz тілшісіне берген сұхбатында Назымбековты былайша сипаттады: «Талантты жігіт, бірақ салмақты емес. Таныс жағдай. Бірнеше рет ол оқу-жаттығу жиынына шақырылды. Келуге уәде берді, бірақ келмеді. Ол 2019 жылы біздің клубта ойнады».

Айта кетейік, бұған дейін екі жас жігіттің Павлодар облысы әкімдігінің облыстық жиналу пункті ғимаратынан қашқаны белгілі болды. Футболшымен бірге әсерден қашқан тағы екінші жігіттің аты Мұхамедкәрім Құлниязов.