«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду командасын ауыстырғысы келеді. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport хабарлады.

Португалиялық футболшы маусымның соңында командадан кетуі мүмкін. Команданың нәтижесі оның көңілінен шықпай жүр.

Егер «Ювентус» маусым қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының жолдамасын алмаса, Роналду «Манчестер Юнайтед» пен ПСЖ командаларының ұсынысын қарастырады.

Қазір футболшының агенті Жорже Мендеш жаңа команданы іздестіріп жатыр.

Роналду Англияға оралу үшін жалақысын қысқартуға дайын. Қазір ол «Ювентусте» 31 миллион еуро жалақы алады. Ал «Манчестер Юнайтед» жылына тек 20 миллион еуро төлеуге дайын.