Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Хорватияда өткен Чемпиондар лигасының финалында «Спортинг» пен «Барселона» кездесіп, португалиялық команда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

«Спортинг» сапынан Зики, Эрик, Жоау Матуш пен Паулета гол соқса, Тайнан нәтижелі пастың авторы атанды.