Теннистен «Үлкен Дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» турниріндегі көрермендер саны екі есеге қысқарады.

Франция ашық чемпионатындағы көрермендер саны мыңнан аспауы тиіс. Бұл өз кезегінде кортқа келушілердің 35 пайызын құрайды.

Әзірге, ұйымдастырушылар бұл шектеудің барлық матчқа қолданылатынын немесе финалдық кезеңдерге өзгеріске ұшырайтынын айтқан жоқ.

Айта кетелік, мұндай шешім қабылдауға коронавирусты инфекцияның таралуы себеп болып отыр.