Talking Town ITFC подкастының авторы, ұлыбританиялық журналист Мэтт Филлипс отандасы кіші Крис Юбэнктің (30-2, 22 КО) таяудағы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Юбэнк орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) нокаутқа түсіретінін айтқан еді.

Филлипстің пікірінше, Юбэнк бұл айтқанын орындай алмайды. «Бір де бір мүмкіндік жоқ», — деді сарапшы твиттерде.

Айта кетейік, Юбэнк пен Головкин 2016 жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін еді, бірақ сол кезде екі тарап келісе алмай қалған болатын.