Ригалық «Динамо» қазақстандық хоккей жанкүйерлеріне жақын таныс қорғаушы Нериюс Алишаускаспен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Литвалық хоккейші командасына араға бір жыл салып оралды.

Өткен маусымда Алишаускас словакиялық «Слован» сапында ойнады. 48 матчқа қатысып, 2 гол мен 10 нәтижелі пас авторы атанған.

Нериюс Алишаускас Қазақстанда «Алматы», «Сарыарқа» мен «Теміртау» сапында ойнаған.