Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 9-турында «Атырау» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Үш гол да бірінші таймда соғылды. 16-минутта Брайан атыраулықтарды алға шығарды, екі минуттан соң Алекс Бруно есепті ұлғайтты. 39-минутта Давид Караев пенальтиден гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.

«Атырау» - «Каспий» 2:1 (2:1)

Голдар: Брайан 16, Бруно 18, Караев 39