Counter-Strike: Global Offensive ойынынан «Gambit Esports» сапында өнер көрсететін қазақстандық киберспортшы Абай «Hobbit» Хасенов «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын құттықтады, олардың қатарында Абай «Hobbit» Хасенов те бар. Хасенов CS:GO ойнынан Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы саналады.