Алматылық «Қайрат» АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалында сүрінді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық ұжым финалға берілер жолдаманы испаниялық «Барселонамен» сарапқа салған. Каталониялықтар Чемпиондар лигасының былтырғы маусымында топ жарған болатын.

Бұл ойында «Қайрат» сапында қақпашы Игита өткен матчтағы қызыл қағазы үшін алаңға шықпады. Сондықтан қақпаны бүгін Нарұн Серіков қорғады.

16-минутта Феррао көзге түсіп, испаниялықтарды алға шығарды. Екінші таймда ол дубль авторы атанды - 2:0.

25-минутта Диего гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан. Бірақ Феррао 31-минутта үшінші голын соғып, тағы есепті ұлғайтты. Араға бес минут салып, Фернандиньо «Қайраттың» екінші голын салды. Бірақ алматылықтар қалған уақытта таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп - 3:2, «Барселона» Чемпиондар лигасының финалына шықты.