«Барыс» қорғаушысы Алексей Маклюков магнитогорскілік «Металлургпен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алексей Маклюков кәсіпқой деңгейде карьерасын 2013/14 жылғы маусымда балашихалық «Динамо» сапында бастаған. Кейін мәскеулік «Динамода» ойнаған.
2017 жылы жазда Қазақстанға қоныс аударып, «Барыс» пен «Номад» сапында өнер көрсеткен, Қазақстан құрамасына да шақырту алған болатын.
Комментарии