«Тараз» командасының сапына жаңадан қосылған қорғаушы Ермек Қуантаев жарақат алып қалды.

Ол «Ақтөбеге» қарсы матчтың басында жарақат алған. Енді ол алдағы бірер уақытта командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, Ермек Қуантаев жақында «Тұранан»«Таразға» ауысты. Қорғаушы бұған дейін «Тобыл», «Қайрат» және «Жетісу» командаларында өнер көрсеткен.