UFC ұйымының IPO - биржадағы алғашқы акциялары сатылымға шыққан соң 5% өсті. Америкалық корпорация UFC ұйымының капитализациясын 10 миллиард долларға бағалаған. Endeavor компаниясы 2016 жылы промоушенді 4 млрд долларға сатып алған еді. 2018 жылы Endeavor компаниясының UFC-ден түскен таза табысы 231 миллион долларды құрады. Ал содан бір жыл бұрын 173 миллион табыс тапқан. 2019 жылы Endeavor холдингі табысының 43% жарыстардан түскен. Бұдан бөлек компанияға Халықаралық Олимпиада комитеті, Солтүстік Америка Ұлттық футбол лигасы мен Голливуд жұлдыздары табысын сеніп тапсырады.