Елордада гандболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының І кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

29-шы ел чемпионатының бірінші кезеңінде елордалық «Нұр-Сұлтан» командасы топ жарды. Қызылорданың «Қайсар-КГУ» командасы екінші орыннан көрінсе, шымкенттік «Қазығұрт» қыздары үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионатының алғашқы кезеңіне барлығы сегіз команда қатысты.