Осыдан екі күн бұрын «Қайрат» АФК «Бенфикаға» (6:2) қарсы суперматчта жеңісті жұлып әкеткен еді, ал енді екі күннен кейін Чемпиондар лигасы жартылай финалында «Барселонамен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 2 мамырда елорда уақытымен 00:00-де хорватиялық Задар қаласында өтеді. Жартылай финалдағы испаниялық «Интер» мен португалиялық «Спортинг» арасындағы ойын сәл ертерек басталады – 19:00-де.

Финал 4 мамырға жоспарланған, Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады.