Жеңіл атлетикадан ұлттық құрама мүшелері Түркиядағы «Olympic Trial Competitions» турнирінде сынға түсті деп хабарлайды Olympic.kz. Аталған жарыс алдағы маусымға дайындық кезеңі ретінде қарастырылған.
Турнирдегі қазақстандық спортшылардың көрсеткіші төмендегідей:
• Рима Кашафутдинова, 200м - 1 орын
• Адэлина Ахметов, 400м - 1 орын
• Диана Нусупбекова, балға лақтыру - 2 орын
• Владислав Григорьев, 100м - 4 орын
• Виталий Земс, 200м - 2 орын
• Вячеслав Земс, 400м - 4 орын
Айта кетелік, Қазақстан командасы Түркияда оқу жаттығу жиынын өткізуде. Жиын 7 мамырға дейін жалғасады.
Комментарии