Pro Ligasy финалының алтыншы матчында «Сарыарқа» «Арланға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті және серияны өз пайдасына шешті.

Кездесу өте тартысты өтті. Командалар ұзақ уақыт бойы есеп аша алмады – қос қақпашы да міз бақпады. Алайда үшінші кезеңнің екінші жартысында қарағандылықтар қарсы шабуыл ұйымдастырып, Иван Безруков бұл жекпе-жектегі жеңісті шайбаны салды.

«Сарыарқа» серияны 4-2 есебімен өз пайдасына шешіп, Қазақстан чемпионатының алдын медальдарын иеленді. Еске сала кетейік, плей-офф барысында Леонид Тамбиевтің ойыншылары петропавлдық «Құлагер» мен елордалық «Номадтан» басым түсті. «Арлан» ProLigasy-ның күміс жүлдегері атанды. Финалға жетер жолда Роман Бердниковтің командасы атыраулық «Бейбарыспен» және өскемендік «Торпедомен» өз серияларын жеңді.

«Арлан» – «Сарыарқа» 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)

Сериядағы есеп: 2-4 (3:2, 2:1, 2:3, 3:4 ОТ, 1:2 ОТ, 0:2)

0:1 – 51:20 – Безруков (Беляев)

0:2 – 59:59 – Аноховский (Рахманов) ПВ

Қақпашылар: Румянцев – Бояркин