29 сәуірде Ақтауда баскетболдан қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты жартылай финалының алғашқы кездесулері өтеді деп хабарлайды Prosports.kz.

Серия бір команда екі жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16:30-да «Батыр» спорт кешеніне Түркістан облысының «Тұран» командасы мен шымкенттік «Қазығұрт-МарС» кездеседі.

19:00: Ақтаулық «Каспий» мен елордалық «Астана Тайгерс» матчы басталады.

Фото nbf.kz