Алматылық «Қайрат» АФК футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Хорватияда өтіп жатқан турнирдің ширек финалында алматылық клуб португалиялық «Бенфикамен» кездесті. Үзіліске дейін командалар бір голдан алмасты. 16-минутта Гадея «Қайратты» алға шығарды. Бірақ Жезуш бірден таразы басын теңестірді.

Екінші таймда жанкүйерлер тағы екі гол көрді. 31-минутта Эдсон алматылықтарды тағы да алға шығарды. Бірақ бір минуттан соң Игита қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Салдарынан көп ұзамай Бриту есепті теңестірді.

Осылайша, матч овертаймға жалғасты. Бұл тұста «Қайрат» қарсылас қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытты. Дәурен Тұрсағұлов, Гадея, Фернандиньо және Біржан Оразов көзге түсті.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы – 2020/21. 1/4 финал.

«Қайрат» – «Бенфика» 6:2

Голдар: Гадея 16, Эдсон 31, Тұрсағұлов 45, Гадея 47, Фернандиньо 49, Оразов 50 – Жезуш 16, Бриту 35.

«Қайрат»: Игита (Қ, К), Гадея (2), Дуглас, Оразов (2), Фернандиньо (2), Серіков (Қ), Умберто, Нұрғожин, Эдсон, Ранжел, Ақбалықов, Есенаманов, Диего, Тұрсағұлов (2).

«Бенфика»: Ронкальо (Қ), Жезуш, Робиньо (К), Чишкала, Тайеби, Коррея (Қ), Феррейра, Сесилиу, Бриту, Артур, Хенми, Мигел, Жакаре, Фитс.

28 сәуір. Задар. «Вишньик». Көрерменсіз.