«Тараз» Қазақстан чемпионатының 8-турында «Ақтөбені» (3:1) сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жамбылдықтар 16 минутта екі гол соғып тастады. Бауыржан Байтана мен Педру Эужениу көзге түсті. Екінші таймда Дінмұхамед Қарамен есепті 3:0 қылды, ақтөбеліктер бұған Игорь Сергеевтің жалғыз голымен жауап қатты.

Қазақстан чемпионаты – 2021. 8-тур.

«Тараз» – «Ақтөбе» 3:1 (2:0)

Голдар: Байтана 11, Эужениу пенальтиден 16, Караман 55 – Сергеев 76.

28 сәуір. Тараз. «Орталық». Көрерменсіз.