Prosports.kz назарыңызға дала футболынан Роналдиньо командасының капитаны, танымал фристайлер Эдвард Ван Гилспен эксклюзивті сұхбатты ұсынады.

- Эдвард, сіз дала футболының жарық жұлдызысыз. Мансабыңыз қалай басталды?

- Бұл ерекше оқиға. Ешқашан кәсіби футболшы не фристайлер болған емеспін. Сол менің шамыма тиді.

Бір кезде дала баскетболын көріп, ондағы әр түрлі әдіс-тәсілдерге таңдандым. Сосын неге мұны футболға әкелмеске деп ойладым. Осылайша өзімнің жолымды тауып, мансабымды бастап кеттім.

- Дала футболының мақсаты не?

- Ең басты мақсат – түп-тамырыңды танып, спортты сүю. Күлу, ойнау, ләззат алу, басқалармен байланыста болу.

- Стритболдан Роналдиньо командасының капитанысыз. Ұжым жайла айта кетсеңіз.

- Бұл әлемдегі ең мықты команда. Егер Роналдиньо сізді командасына шақырса, демек сіз шебер ойыншысыз.

Роналдиньо футболды ең әдемі спорт деп санайды. Қазір біз әр түрлі қалаларда жарыстар өткізіп, қоғамдық жобалар жасаймыз.

Бәріміз үшін Роналдиньоның командасында ойнау үлкен мәртебе. Бұған қоса командамен сапарға шығып, әр түрлі оқиғалармен танысамыз.