Қазақстандық теннисші Андрей Голубев жұптық сында италиялық Андреа Вавасоримен бірге, Германияның Мюнхен қаласында өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ширек финалға жолдама беретін ойында италиялық-қазақстандық дуэт аргентиналық Гвидо Пелла мен Федерико Кориадан жеңілді.

Матч 4:6, 6:3; 8:10 есебімен үш сетте аяқталды. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.