Бірінші лига 2021 жылғы маусымы басталды. Жаңа маусымда біріншілікке 23 команда қатысады.

Олар «Солтүстік-Шығыс» және «Оңтүістік-Батыс» деп аталатын екі конференцияға бөлінді. «Солтүстік-Шығыс» конференциясында «Шахтер», «Тобыл», «Оқжетпес», «Жетісу», «Астана», «Ақсу» футбол клубтарының жастар командалары, сонымен қатар «Рузаевка», «Жеңіс», «Жас Қыран», «SD Family», «Алтай» и СДЮСШОР №8 командалары жиналған.

«Оңтүістік-Батыс» конференциясына «Ақжайық», «Тұран», «Тараз», «Ордабасы», «Қыран», «Каспий», «Қайсар», «Атырау», «Ақтөбе», «Академия Оңтүстік» футбол клубтарының жастары және Түркістан қаласында жаңадан құрылған «Яссы-Түркістан» командасы қатысады.

Қос конференцияның жеңімпаздары 2022 жылғы маусымда Бірінші лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алады.