Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарыста күміс жүлдеге ие болған қазақстандық Махмұд Сабырхан Olympic.kz сайтына финалдағы жекпе-жегі туралы айтып берді.

"Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Санкт-Петербургте күміс жүлдегер атандым. Финалда өз қатемнен жеңілдім деп ойлаймын. Жекпе-жекте қарсыласым менен басым болғанымен, төрешілер шешкендей 5:0 есебімен ұтылдым деп санамаймын. Финалда жіберген қатеммен жұмыс істейтін боламын және қарсыласымнан әлем чемпионаты сынды ірі жарыста есемді қайтаратын боламын", - дейді Махмұд.