Бүгін Сербиядағы «Belgrade Winner» халықаралық турнирінің жартылай финалдық жекпе-жектері өтті.

Сәкен Бибосинов (52 келі) румыниялық Гирлеану Косминді жеңіп, финалға өтті.

Ертуған Зейнулинов (63 келі) ринг иесін жеңіп, финалда чемпион атағы үшін жұдырықтасады.

Сондай-ақ ресейлік боксшыдан басым болған Нұрбек Оралбай (81 келі) да алтын медальға таласады.

Абылайхан Жүсіпов (69 келі) жартылай финалда қарсыласқа есе жіберіп, қола медальды қанағат тұтты.

Нұрқанат Райыс (75 келі) та қола медальға қол жеткізді.