Sport Bild журналисі Кристиан Фальк «Баварияның» келесі бас бапкері Юлиан Нагельсманн болады деп мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, клуб 33 жастағы маманмен келісімшарт жасасқан.

Еске салайық, 2020/2021 жылғы маусымның соңында мюнхендік команданың қазіргі бас бапкері Ханс-Дитер Фликтен қызметінен кетеді.

Бұған дейін Германияның бұқаралық ақпарат құралдары қазір Нагельсманн жаттықтыратын «РБ Лейпциг» өз бапкері үшін 30 миллион еуро алуды жоспарлап отырғанын жазған.

Нагельсманн «РБ Лейпцигті» 2019 жылдан бері баптайды.