GGG Promotions атқарушы директоры Том Лоффлер жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Камару Усман мен америкалық файтер Роуз Наманаюнасты құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

25 сәуірде Джексонвиллде (Флорида штаты) UFC 261 өтті.

Кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақтағы (77 келі) қазіргі чемпион Камару Усман Хорхе Масвидальды екінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Дәл осы кештің негізгі жекпе-жегінде Роуз Наманаюнас қытай қызы Вейли Чжанды нокаутқа түсіріп, чемпиондық атағын қайтарып алды.