Асланбек Шымбергенов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан бокс турнирінің финалына шықты, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетерлігі, Шымбергенов жартылай финалда кәнігі қарсыласы, өзбекстандық Бобо-Усмон Батуровты жеңді.

Өзбекстандық боксшы бұған дейін Асланбекті бірнеше рет жеңген. 2018 жылы Азия ойындарында, 2019 жылғы Азия чемпионатында Батуров біздің боксшыдан басым түскен.