«Тұран» клубы Instagram желісінде Қазақстан чемпионатының 7 туры аясында өткен «Тобылға» қарсы матчтағы даулы сәттің видеосын жариялады.

Видеодан төрешінің айып алаңында қорғаныстағы ойыншылардың ереже бұзғанынан соң пенальти белгілеген сәтін көруге болады. «Тұран» клубы төрешінің бұл шешімімен келіспейтінін жеткізген.

Аталмыш матчта алаң қожайыны «Тобыл» «Тұранның» қақпасына жауапсыз 5 гол соғып, жеңіске жетті. Айта кету керек, матчқа түркістандық команданың төрт бірдей негізгі құрамның ойыншылары қатыса алмады. Милан Стоянович пен Таңат Нөсербаев, Бекзат Бейсенов жарақат алса, Лионель Адамс денсаулығына байланысты ойынға қатыса алмады.