Алматылық «Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Вагнер Лав Yahoo Esportes Brasil басылымына берген сұхбатында карьерасын аяқтау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әзірше денем өзіме бағынатын кезде, алаңда боламын, сондықтан футболдан кететін жоспарым жоқ. Карьерамды аяқтаймын деген ой келмейді. Қанша уақыт ойнайтынымды білмеймін», - деді футболшы.

Вагнер Лав 2020 жылдың 8 шілдесінен бері «Қайрат» сапында ойнайды. Алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанған. «Қайрат» сапында 36 жастағы бразилиялық 23 ойын өткізіп, 12 гол мен 12 нәтижелі пас авторы атанған.