«Тұран» шабуылшысы Стэнли Нкобидің футболдағы тағдыры ерекше. Ол кәсіби футболшы болу үшін Нигериядан Қазақстанға келгенімен ұзақ уақыт мақсатына жете алмады. Әуесқойлар арасында доп тепті, «Қайраттың» жастары деңгейіне жете алмады, алайда «Арыста» оның бағы жанды. Ал биыл ол Премьер-лигада өнер көрсетіп жүр.

Стэнли Нкоби Prosports.kz тілшісіне сұхбат беріп, мансабы жайлы, ел чемпионаты мен командаластары турасында айтып берді.

– «Тұран» Премьер-лигадағы алғашқы маусымын өткізіп жатыр. Жоғары дивизионға үйреністің бе?

– Иә, маған қиын болған жоқ. Дегенмен әлі көп нәрсені үйрену керек. Даму қажет.