21 сәуірде «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан чемпионаты жартылай финалының төртінші матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Алматы облысындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде өтеді.

Бұған дейінгі үш кездесуде «Атырау» бір мәрте (4:3), «Ақтөбе» екі рет жеңіске жетті (5:3, 6:4). Сериядағы есеп ақтөбелік команданың пайдасына 2:1.

Бүгін «Ақтөбе» жеңіске жетсе, финалға жолдама алады. Ал атыраулық команда жеңсе сериядағы есеп теңесіп, бесінші матч өтеді.

«Атырау» - «Ақтөбе» сериясындағы төртінші матчтың тікелей трансляциясы 14:55-те басталады. Ойынды QazSport телеарнасы көрсетеді.