Бүгін, 28 сәуір күні Польшаның Кельц қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан сапынан шаршы алаңға 10 спортшы шығып, финалдық жолдаманы сарапқа салады. Жарыстың күндізгі сессиясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Жұлдыз Шаяхметова (60) - Дилфуза Бекова (Өзбекстан)

Жасмин Кизатова (69) - Барбара Марчинковска (Польша)

Асель Сағатова (81) - Ксения Олифиренко (Ресей)

Дана Дидай (75) - Сохиба Рузметова (Өзбекстан)

Елдана Талипова (+81) - Дарья Козорез (Молдова)

Кешкі сессия елорда уақытымен сағат 21:00-ге жоспарланған.

Санжар Ташкенбай (49) - Бишвамитра Чонгтам (Үндістан)

Ерболат Сабыр (56) - Алексей Шендрик (Ресей)

Сабыржан Аққалықов (64) - Анкит Нарвал (Үндістан)

Диас Молжігітов (75) - Михаил Усов (Ресей)

Елнұр Сүйінбай (60) - Джон Оробио (Колумбия)