Қазақстан жаттықтырушылары 75 келіге дейінгі салмақта өткен әлем чемпионатындағы ширек финалдық жекпе-жектің нәтижесін қайта қарастыруды талап етті.

Венгрия боксшысы Богларки Варги мен қазақстандық Дана Дидай арасындағы жекпе-жектің нәтижесі қайта қарастырылып, жеңіс біздің спортшыға берілді.

Енді Дана Дидай жартылай финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовамен кездеседі.