Қазақстан чемпионатының 6-туры аясында «Ақтөбе» мен «Шахтер» кездесті, деп жазады Prosports.kz.

«Қобыланды батыр» атындағы орталық стадионға қайта оралған «Ақтөбе» күтпеген жерден ірі есеппен жеңіліске ұшырады. Ал маусымды аса сәтсіз бастаған «Шахтер» жаңа бапкердің жетекшілігімен сенімді жеңіске қол жеткізді. Есеп - 0:3.

ҚПЛ. 6-тур

«Ақтөбе» - «Шахтер» - 0:3 (0:1)

Гол соққандар: Хубулов 5 (0:1), 23 (0:2), Таттыбаев 73 (0:3)

«Ақтөбе»: Жасур Нарзикулов (Қ) (К) – Рустам Темирхан, Михал Йерабек, Лаша Тотадзе, Армен Манучарян – Тонго Думбия, Юрий Перцух, Дидар Жалмұкан, Еркебұлан Нұрғалиев, Максим Федин – Игорь Сергеев.

«Шахтер»: Тимурбек Закиров (Қ) – Давид Атанаскоски, Андрей Буйволов, Карам Султанов, Михаил Габышев, Ескендір Қыбырай – Михаил Бакаев, Соломон Удо – Арсен Хубулов (К), Айдос Тәттібаев, Виталий Балашов.