Америкалық боксшы Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуін қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Холливудтағы (АҚШ, Флорида) бокс кешінде өнер көрсетіп, онда британдық Лиам Уильямспен (23-2-1, 18 КО) жұдырықтасты. Он екі раундқа созылған жекпе-жек тартысты өтіп, аяғына дейін созылды. Төрешілер шешімімен Андраде жеңіске жетті. Екінші раундта Уильямсты нокдаунға жіберді.

Осылайша, Деметриус Андраде өзінің кәсіби мансабындағы отызыншы жеңісіне қол жеткізді және WBO атағын сәтті қорғады. Лиам Уильямс үшінші жеңілісіне ұшырады.