2021 жылы наурыздың ортасында Қазақстан футбол федерациясы «Оқжетпеске» жаңа футболшыларды тіркеуге тыйым салды. Бірақ көкшетаулық клуб бұл жағдайдан оңай құтылды, деп жазады Prosports.kz.

Көкшетаулықтардың жағдайы қиын көрінгендей, себебі ҚФФ бұрынғы 9 футболшылның қарызын қайтаруға міндеттеген. Бұл мәселені шешуге клубтың бір ай уақыты болды, себебі одан кешіктірсе, үстіне тағы миллион теңге қосылар еді.

Осыған байланысты көкшетаулықтар маусымды қиындықпен бастады. Бірінші лиганың 1-турындағы «Игілікке» (0:1) қарсы матчқа олар 14 футболшы ғана әкеле алды, тіпті, қақпашы Руслан Абжанов қорғаушы болды.

Ал «Тараз-Қаратауға» (2:2) қарсы келесі матчта «Көкшетау» құрамы мығым болды: тіркеуде 20 адам, бәрі өз позициясында, негізгі құрамда 5 шетелдік (3 легионер + 2 ресейлік). Та-ма-ша. Бірақ мәселені қалай шешті? Бәрі оңай екен.

– Ойыншы тіркеуге тыйым салуға себепкер болған футболшының қарызын қайтарды. Ойыншы шағымы жоқ екенін айтып, хат жіберді. Қарызы бар басқа ойыншылар бойынша клуб апелляцияға жіберді, бұл істердің өндірісі біткен жоқ.

– Апелляция шешімі қашан белгілі болады?

– Бұған жауап бере алмаймын, ҚФФ заң органдарының құзырында, – дейді ҚФФ президенті Олжас Абраев Prosports.kz тілшісіне.

Былайша айтқанда, «Оқжетпес» бір футболшының қарызын қайтарып, қалғаны бойынша апелляция беру арқылы уақыт ұтты. Бұл жаңа ойыншыларды тіркеуге жеткілікті. Командадағы легионерлерге қарасақ, көкшетаулықтар келесі жылы-ақ Премьер-лигаға оралмақ.