«Қызыл-Жардың» қақпашысы Мирослав Лобанцев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында мансабы туралы, Қазақстан футболы жайлы ойын бөлісті.

– Биыл ел чемпионатында қақпасына ең ұзақ гол жібермеген рекорд өзіңе тиесілі. Мұндай көрсеткіш қандай да бір әсер бере ме?

– Әрине. Оның үстіне «Қызыл-Жарда» рекорд орнатқаныма қуаныштымын. Өйткені бізге мықты команда ретінде қарамайды ғой. Дегенмен маусымды жақсы бастадық. Ең бастысы жеңіске жетіп келеміз.