Қазақстандық қорғаушы Ермек Қуантаев «Тараз» командасының сапына қосылды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұранда» доп тепкен ол мансабын «Таразда» жалғастырады. Қорғаушы бұған дейін «Тобыл», «Қайрат» және «Жетісу» командаларында өнер көрсеткен.