Бразилиялық шабуылшы Неймар ПСЖ командасымен келісімшарт мерзімін 20206 жылға дейін ұзартады.

Жаңа келісімшарт бойынша футболшы жылына 30 миллион еуро жалақы алады. ПСЖ келісімшарттың ұзартылғаны жөнінде ресми мәлімдемені алдағы бір-екі күнде хабарлайды деп күтілуде.

Бұған дейін «Барселона» Неймар қайта қатарына қосуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, бразилиялық ойыншымен кезінде бірге ойнаған футболшылар осындай шешімін айтқан.