Бүгін «Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан чемпионаты жартылай финалының екінші матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кеше өткен алғашқы ойында атыраулық команда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, жартылай финалдық ойындар қарсыластардың бірі үш жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

«Ақтөбе» - «Атырау» матчының тікелей трансляциясы 14:55-те басталады. Ойынды QazSport телеарнасы көрсетеді.