«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Есен Жасанов «Екібастұзға» жалға берілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Бірінші лигасында ойнайтын «Екібастұз» футбол клубы «ақ-қызылдардың» жартылай қорғаушысы Есен Жасановты маусым соңына дейін жалға алды», - делінген хабарламада.