26 жастағы қорғаушы Тимур Рудосельский «Қайсармен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

Тимур Рудосельский отандық футбол мектебінің түлегі. Мансабында “Қайрат”, “Жетісу”, “Хапоэль”, “Оқжетпес” “Смолевичи”, “Лори” секілді клубтарда өнер көрсеткен.

Сондай-ақ, ол Қазақстан ұлттық құрамасына тұрақты түрде шақырту алады.