Жартылай орта салмақ санатында өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бобиржан Момыновтың (12-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі өтетін күн анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Момыновтің кезекті қарсыласы 23 жастағы мексикалық Анхель Руис (16-1, 12 КО). Жекпе-жек 22 сәуірде Нью-Йоркте (АҚШ) өтеді.

Айта кетейік, Бобиржан Момынов соңғы жекпе-жегін 2020 жылы 27 қыркүйекте Қазан қаласында өткізді. Ол кезде отандасымыз ресейлік Вагинак Тамразянды (17-8, 5 КО) жеңді.