Футболдан Қазақстан біріншілігінің бесінші турында «Шахтер» мен «Ақжайық» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордада өткен матчта «кеншілер» матчтағы үш голды да соқты. Бірақ оның екеуін өз қақпаларына дарытып алған қарағандылық команда 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстан чемпионаты. 5 тур

«Шахтер» (Қарағанды) – «Ақжайық» (Орал) – 1:2 (1:1)

Гол соққандар: Баа 38 (өз қақпасына – 0:1), Тәттібаев 44 (1:1), Атанаскоски 73 (өз қақпасына – 1:2)

Ескерту алғандар: Пайруз, Баа - Швырев, Чичиков

Төреші: Затула (Өскемен)

13 сәуір. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы. Көрерменсіз.