Қазақстандық «Ник Вуйчич» Әли Тұрғанбеков Ресейдің «Чайка» футбол клубының жаттығуына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Чайканың» директоры Максим Пономарев бұған дейін хабарлағанындай, жақын арада Тұрғанбеков клубтың президенті Андрей Чайкамен бірге ойнайды және «Чайка» - «Енисей» матчына қатысады.