Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандықтар басымдылық көрсетті – 7:5.

Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте қайсарлық танытты – 7:6 (7:5).

Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:5.

Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.