Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының мүшелері кезекті әлем кубогына қатысады.

16-18 сәуір күндері Өзбекстанның Ташкен қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасының сапынан аталған жарысқа Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қатысады. Қос спортшы жекелей және топтық жаттығу бойынша бақтарын сынайды.