Жақында Мәскеу облысында «Қайрат-Мәскеу» командасы пайда болады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Мутко против». телеграм арнасына сілтеме жасап.

«Мәскеу облысында Қазақстанның бір бөлігі пайда болатын сияқты. Алматылық «Қайраттың» президенті Қайрат Боранбаев Мәскеу облысындағы өзінің футбол клубын ашады. Ол Красногорскіде ашылады және «Қайрат-Мәскеу» деп аталады.

Бастапқыда қазақтар клуб орналасатын жерді ұзақ қарастырды, соңында Одинцово мен Красногорск қалаларын таңдады. Одинцовода (ФК Красава) тағы бір керемет жоба пайда болғандықтан, Красногорскіде команда ашуды жөн деп тапты. Команда PFL-де ойнайды, тіпті оның басшылығы осы ауданда жаңа стадион салуды жоспарлап отыр.

Қош келдіңіздер!» - деп хабарлайды «Мутко против» телеграм арнасы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаев Ресейдің үшінші дивизиясында «сары-қаралардың» филиалын ашуы мүмкін деген ақпар пайда болған. Шамасы, бұл жобаның болашағы бар секілді.