Қазақстандық ММА спортшысы Қасым Әнуарбек (5-2) OCTAGON 18 турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы турнирде 30 жастағы файтер Өзбекстаннан келген 21 жастағы Амиржон Гафуровпен (2-2-) кездесті. Аса жеңіл салмақтағы айқас жоспарланған үш раундқа созылып, төрешілер Қасымды жеңімпаз деп таныды.

Қазақстандық спортшы мансабында бесінші мәрте жеңіске жетті.