Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы бельгиялық жартылай қорғаушы Зиги Бадибангамен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 жастағы футболшы былтырғы маусымда шымкенттік «Ордабасыда» ойнаған. Бадибанга бұған дейін бельгиялық «Андерлехт», «Шарлеруа», голландиялық «Де Графсхап», грекиялық «Эрготелис», «Астерас», молдавалық «Шериф» пен кипрлік «Омония» сапында доп тепкен.

Бельгия жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсеткен.